+7 (727) 225 40 40 info@polisre.kz
Калькуляторлар
Polis RePolis Re

Сақтандыру сөздігі

Әріпті таңдаңыз — барлық терминдер мен анықтамалар төменде пайда болады.

Барлығы А Б Д Е Ж З К Қ М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Ц Ш Э

С

Терминдер: 25

Сатып алу құны

Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушы алуға құқылы ақша сомасы

Сақтандыру

САҚТАНДЫРУ (insurance) — зардап шегушіге ықтимал залалдардың өтелуіне кепілдік беру арқылы тәуекелді азайту тәсілі. Залалдар залалдан қауіптенетін сақтанушылардың жарналары есебінен қалыптастырылатын және олардың өтелуіне кепілдік беретін сақтандырушының басқаруындағы сақтандыру қорынан өтеледі. Сақтандыру — қызмет көрсету саласының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Сақтандыру жаңа тауарлар жасамаса да, кез келген сақтанушының залалдарын сақтандыру қорының барлық қатысушылары арасында бөлу олардың қызметін қауіпсіз етеді. Сақтандырусыз белгісіздік пен тәуекелге байланысты өндірістік қызметтің көптеген түрлері мүмкін болмас еді.

Сақтандыру бағалауы

Сақтандыруға қабылданатын немесе қабылданған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің нақты құнын анықтау процесі. Сақтандыру бағалауы негізінде сақтандыру сомасы есептеледі, келтірілген залалдың көлемі мен сақтандыру төлемінің мөлшері айқындалады

Сақтандыру брокері

Сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру не қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру валютасы

Сақтандыру жасалған валюта. Сыйлықақы сақтандыру валютасында төленуге тиіс және сақтандыру өтемінің сомалары да осы валютада төленеді. Сақтандыру шартында міндетті түрде көрсетіледі

Сақтандыру жағдайы

Басталуымен сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға

Сақтандыру жағдайының ықтималдығы

Сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша сақтандыру өтемі төленетін сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігін сандық бағалау. Сақтандыру жағдайының ықтималдығы сақтандыру тарифтерін, мөлшерлемелерді, сыйлықақыларды, оларға жеңілдіктер мен үстемелерді белгілеу үшін негіз болады.

Сақтандыру компаниясының агенті

Сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген және тапсырма шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

Сақтандыру лимиті

Сақтандыру шартында көрсетілген, шегінде сақтандырушы сақтанушы (үшінші тұлғалар) алдында жауапты болатын сақтандыру сомасы

Сақтандыру мүддесі

Сақтандыруға материалдық мүдделіліктің өлшемі.

Сақтандыру нарығы

Қоғамның сақтандыру қорғауына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында «сақтандыру жабыны» деп аталатын ерекше тауарды сатып алу-сату кезінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі

Сақтандыру объектісі

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері, оның ішінде: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруімен, қайтыс болуымен, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуымен; 2) жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалар, аурулар салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен; 3) мүлікті иеленумен, пайдаланумен және оған билік етумен; 4) басқа тұлғаларға, оның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты мүдделер.

Сақтандыру полисі

Сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланкілерінде қолдан жасаудан қорғаудың кемінде үш дәрежесі болуға тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәуленің әсерінен анықталатын көрінбейтін элемент және тангирлік тор міндетті болып табылады. Сақтандыру полисі бланкісінің мәтіні екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде болуға тиіс

Сақтандыру сыйлықақысына үстеме

Нетто-мөлшерлеменің күтілетін мәндерден кездейсоқ ауытқу тәуекелін көрсететін бөлігі

Сақтандыру тарифі

Сақтандыру жабыны бірлігінің құны. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері сақтандыру тарифінің мынадай құрамдас бөліктерін айқындайды: 1) нетто-мөлшерлеме; 2) тәуекел үстемесі; 3) жүктеме; 4) брутто-мөлшерлеме.

Сақтандыру түрлері

Сақтандыру ұйымы әзірлейтін және сақтандыру шартын жасасу арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде сақтанушыға ұсынатын сақтандыру өнімі

Сақтандыру шарты

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шарт пайдасына жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

Сақтандыру қадағалауы

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін бақылау

Сақтандыру қамтамасыз етуі

Мүлікті сақтандыруда — сақтанушының жекелеген объектілері немесе бүкіл мүлкі сақтандырылған соманың абсолюттік (құндық) көрінісі. Сақтандыру қамтамасыз етуі ұғымы сақтандыру ұйымының өзі жүргізетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы бойынша жалпы міндеттемелерін бағалау үшін де қолданылады

Сақтандырушы

Сақтандыру шарты бойынша белгілі бір сыйақы (сақтандыру сыйлықақысы) үшін сақтанушыға немесе пайдасына сақтандыру жасалған басқа тұлғаға шартта айтылған сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде туындаған залалдарды өтеу міндеттемесін өзіне алатын заңды тұлға

Сақтандырушы жауапкершілігінің лимиті

Сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын сақтандырушының ең жоғары жауапкершілігі.

Сақтандырылған

Өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға

Суброгация

Егер мүлікті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегінде сақтанушының (сақтандырылғанның) сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты тұлғаға қоятын талап ету құқығы ауысады. Алайда залалдарды қасақана келтірген тұлғаға талап ету құқығының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болып табылады

Сыйлықақы

Сақтанушы сақтандырушыға соңғысының сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін өзіне қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы

Сюрвейер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өтеулі қызмет көрсету шартына сәйкес қызмет көрсететін заңды тұлға, оның функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала қарап-тексеру және бағалау кіреді

Тақырып бойынша тағы

Polis Re