+7 (727) 225 40 40 info@polisre.kz
Калькуляторлар
Polis RePolis Re

Сақтандыру сөздігі

Әріпті таңдаңыз — барлық терминдер мен анықтамалар төменде пайда болады.

Барлығы А Б Д Е Ж З К Қ М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Ц Ш Э

Ж

Терминдер: 9

Жазатайым оқиға

Сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде адамның еркінен тыс кенеттен болған, денсаулыққа зиян келтіруге, мертігуге не қайтыс болуға әкеп соққан оқиға (оқыс оқиға)

Жазатайым оқиға

Сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде адамның еркінен тыс кенеттен болған, денсаулыққа зиян келтіруге, мертігуге не қайтыс болуға әкеп соққан оқиға (оқыс оқиға).

Жарақат

Адам ағзасы тіндерінің сыртқы (негізінен механикалық, термиялық) әсерден туындаған, олардың тұтастығы мен функцияларының бұзылуымен жүретін зақымдануы

Жауапкершілік

Шарт талаптарында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру өтемін немесе сақтандыру сомасын төлеу міндеті

Жеке сақтандыру

Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі де, шартта аталған басқа тұлға (сақтандырылған) да сақтандырылуы мүмкін

Жеке сақтандыру шарты

Сақтандыру объектісі азаматтың өмірі, денсаулығы, еңбекке қабілеттілігі немесе жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделері болып табылатын сақтандыру шарты. Жеке сақтандыру объектілері азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері болуы мүмкін, оның ішінде мыналарға байланысты: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін жетуі, қайтыс болуы, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуы; 2) жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалар, аурулар салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі; 3) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету; 4) басқа тұлғаларға, оның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндеті.

Жинақтаушы сақтандыру

Жинақтаушы сақтандыру — сақтандыру жағдайы басталған кезде, оның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең өткеннен кейін не сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға басталған кезде, олардың қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек жеке сақтандыру бойынша ғана жасалуы мүмкін

Жылжымалы мүлік

Жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша және бағалы қағаздар

Жүкті сақтандыру

Тасымалдау тәсіліне қарамастан, жүктің, оның ішінде багаждың, тауарлардың және өнімнің барлық басқа түрлерінің зақымдануы, жойылуы, жоғалуы салдарынан оларды иеленумен, пайдаланумен, оларға билік етумен байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Тақырып бойынша тағы

Polis Re