+7 (727) 225 40 40 info@polisre.kz
Калькуляторлар
Polis RePolis Re

Сақтандыру сөздігі

Әріпті таңдаңыз — барлық терминдер мен анықтамалар төменде пайда болады.

Барлығы А Б Д Е Ж З К Қ М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Ц Ш Э

А

Терминдер: 12

Абандон

Сақтанушының сақтандырылған мүлікке қатысты өз құқықтарынан сақтандырушының пайдасына бас тартып, оның орнына толық сақтандыру сомасын алуы. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталуы салдарынан шеккен залалдарының көлемін дәлелдеу міндетінен босау үшін абандонға жүгінеді.

Авариялық комиссар

Сақтанушымен келісім бойынша сақтандыру залалдарының себебін, сипатын және мөлшерін анықтайтын сарапшы, сақтандырушының уәкілетті өкілі.

Автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру — тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, тұлғаның көлік құралын пайдалануына байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Агенттік сыйақы

Тапсырма шартының талаптарына сәйкес агенттің сақтандыру компаниясының мүддесі үшін және оның атынан тиісті міндеттерді (тапсырмаларды) орындағаны үшін көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу.

Адендум

Бұрын жасалған сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына жазбаша толықтыру, онда шарттың бұрын келісілген талаптарына тараптар арасында уағдаласылған өзгерістер қамтылады. Сақтандыру тарифінің өзгеруіне және осы полис бойынша тиісті өзара есеп айырысуларға әкелуі мүмкін.

Аджастер

Функцияларына сақтандыру төлемі туралы өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан келген залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

Барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан тұлғаның үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Айдап әкету

Автомобильді немесе өзге көлік құралын ұрлау мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

Актуарий

Уәкілетті органның лицензиясы бар, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің мөлшерін, сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін экономикалық-математикалық есептеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында оның жүргізіп жатқан және жүргізуге жоспарланған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалайтын жеке тұлға

Актуарлық есептеулер

Актуарий сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қолданатын экономикалық-математикалық есептеу әдістері

Андеррайтер

Функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері

Ауру

Жарақаттан туындамаған, диагноз қоюға мүмкіндік беретін объективті белгілері бар денсаулық жағдайының кез келген бұзылуы.

Тақырып бойынша тағы

Polis Re