+7 (727) 225 40 40 info@polisre.kz
Калькуляторлар
Polis RePolis Re

Сақтандыру сөздігі

Әріпті таңдаңыз — барлық терминдер мен анықтамалар төменде пайда болады.

Барлығы А Б Д Е Ж З К Қ М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Ц Ш Э

Барлық терминдер

Терминдер: 104

Абандон

Сақтанушының сақтандырылған мүлікке қатысты өз құқықтарынан сақтандырушының пайдасына бас тартып, оның орнына толық сақтандыру сомасын алуы. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталуы салдарынан шеккен залалдарының көлемін дәлелдеу міндетінен босау үшін абандонға жүгінеді.

Авариялық комиссар

Сақтанушымен келісім бойынша сақтандыру залалдарының себебін, сипатын және мөлшерін анықтайтын сарапшы, сақтандырушының уәкілетті өкілі.

Автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру — тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, тұлғаның көлік құралын пайдалануына байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Агенттік сыйақы

Тапсырма шартының талаптарына сәйкес агенттің сақтандыру компаниясының мүддесі үшін және оның атынан тиісті міндеттерді (тапсырмаларды) орындағаны үшін көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу.

Адендум

Бұрын жасалған сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына жазбаша толықтыру, онда шарттың бұрын келісілген талаптарына тараптар арасында уағдаласылған өзгерістер қамтылады. Сақтандыру тарифінің өзгеруіне және осы полис бойынша тиісті өзара есеп айырысуларға әкелуі мүмкін.

Аджастер

Функцияларына сақтандыру төлемі туралы өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан келген залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

Барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан тұлғаның үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Айдап әкету

Автомобильді немесе өзге көлік құралын ұрлау мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

Актуарий

Уәкілетті органның лицензиясы бар, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің мөлшерін, сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін экономикалық-математикалық есептеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында оның жүргізіп жатқан және жүргізуге жоспарланған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалайтын жеке тұлға

Актуарлық есептеулер

Актуарий сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қолданатын экономикалық-математикалық есептеу әдістері

Андеррайтер

Функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері

Ауру

Жарақаттан туындамаған, диагноз қоюға мүмкіндік беретін объективті белгілері бар денсаулық жағдайының кез келген бұзылуы.

Бенефициар

Пайда алушы, яғни шарт немесе өзге заңды негіз бойынша игіліктерді пайдаланатын тұлға, оның ішінде мүддесі үшін сенімгерлік меншік жүзеге асырылатын тұлға, аккредитив немесе сақтандыру полисі бойынша ақша алушы.

Брутто-мөлшерлеме

Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлейтін сақтандыру тарифі; ол нетто-мөлшерлемеден және, мысалы, сақтандырушының сақтандыру операцияларын жүргізуге арналған әкімшілік шығыстарын, күтпеген шығыстарды және пайданы жабу үшін пайдаланылатын жүктемеден тұрады

Бірлесіп сақтандыру

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін бірнеше сақтандыру ұйымының бір мезгілде қабылдауына байланысты, олардың жауапкершілігі өзара жасалған бірлесіп сақтандыру шартына сәйкес бөліне отырып туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар

Дене зақымы

Сақтандырылған адамның сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде басқа себептерге қарамастан, еңсерілмейтін, кездейсоқ, айқын сыртқы әсер нәтижесінде тікелей алған ағзаның физикалық тұтастығының бұзылуы

Диспашер

Ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны, яғни тасымалдауға қатысатын тараптар арасында бөлінетін ортақ авария бойынша залалдарды айқындау жөніндегі есепті жасайтын тұлғалар;

ЕМС

Ерікті медициналық сақтандыру

Ерікті сақтандыру

Тараптардың ерік білдіруі бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, талаптары және тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық

Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілетінің уақытша төмендеу деңгейі

Еңсерілмейтін күш

Дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және болдырмауға болмайтын мән-жайлар.

Жазатайым оқиға

Сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде адамның еркінен тыс кенеттен болған, денсаулыққа зиян келтіруге, мертігуге не қайтыс болуға әкеп соққан оқиға (оқыс оқиға)

Жазатайым оқиға

Сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде адамның еркінен тыс кенеттен болған, денсаулыққа зиян келтіруге, мертігуге не қайтыс болуға әкеп соққан оқиға (оқыс оқиға).

Жарақат

Адам ағзасы тіндерінің сыртқы (негізінен механикалық, термиялық) әсерден туындаған, олардың тұтастығы мен функцияларының бұзылуымен жүретін зақымдануы

Жауапкершілік

Шарт талаптарында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру өтемін немесе сақтандыру сомасын төлеу міндеті

Жеке сақтандыру

Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі де, шартта аталған басқа тұлға (сақтандырылған) да сақтандырылуы мүмкін

Жеке сақтандыру шарты

Сақтандыру объектісі азаматтың өмірі, денсаулығы, еңбекке қабілеттілігі немесе жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделері болып табылатын сақтандыру шарты. Жеке сақтандыру объектілері азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері болуы мүмкін, оның ішінде мыналарға байланысты: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін жетуі, қайтыс болуы, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуы; 2) жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалар, аурулар салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі; 3) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету; 4) басқа тұлғаларға, оның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндеті.

Жинақтаушы сақтандыру

Жинақтаушы сақтандыру — сақтандыру жағдайы басталған кезде, оның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең өткеннен кейін не сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға басталған кезде, олардың қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек жеке сақтандыру бойынша ғана жасалуы мүмкін

Жылжымалы мүлік

Жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша және бағалы қағаздар

Жүкті сақтандыру

Тасымалдау тәсіліне қарамастан, жүктің, оның ішінде багаждың, тауарлардың және өнімнің барлық басқа түрлерінің зақымдануы, жойылуы, жоғалуы салдарынан оларды иеленумен, пайдаланумен, оларға билік етумен байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Залал

Сақтандыру жағдайы нәтижесінде сақтандыру объектісіне келтірілген, сақтандырушы өтеуге тиіс зиян

Залалдарды азайту міндеті

Мүлікті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы (сақтандырылған) ықтимал залалдардың алдын алу немесе оларды азайту үшін қалыптасқан жағдайларда орынды әрі қолжетімді шараларды, оның ішінде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шараларын қолдануға міндетті

Залалды азайту

Сақтанушы барлық жағдайда өз мүлкі сақтандырылмағандай әрекет етуге және залал сақтандыру талаптары бойынша өтелуге жатуы мүмкін болса да, залалды азайту немесе оның алдын алу үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті

Залалдылық

Сақтандыру компаниясының белгілі бір уақыт ішінде ақша түсімдері шығыстарды өтемейтінімен, пайда түзілмейтінімен, қарыздың ұлғаятынымен сипатталатын қаржылық жай-күйі

Зиян

Зиян келтіру немесе оларға қатысты қабылданған міндеттемелерді орындамау салдарынан туындаған залалдар, күтпеген шығыстар, мүлік пен ақшаның жоғалуы, алынбай қалған пайда не заңды және жеке тұлғалардың мүлкінен айырылуы түріндегі нұқсан

Карго

Жүкті тасымалдау кезінде сақтандыру

Кезек күттірмейтін медициналық көмек

Денсаулыққа елеулі зиян келтірудің алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті қажет ететін аурулар мен жай-күйлер туындаған кезде медициналық көмек көрсету нысаны

Ковернот

Қайта сақтандыру ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесіне қатысты міндеттемесін растайтын және сақтандыру брокері әрбір жекелеген қайта сақтандыру шартына қатысты ресімдейтін құжат. Онда қайта сақтандыру шартының негізгі талаптары көрсетіледі, ал қайта сақтандыру ұйымы өзінің толық атауын көрсете отырып, өзі қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесі (сақтандыру сомасының бөлігі) туралы белгі (уәкілетті тұлғаның қолы не мөр) қояды. Қайта сақтандыру ковернотасы халықаралық сақтандыру нарығының іскерлік айналымында қабылданған тәжірибеге сәйкес жасалады

Котировка

Сақтандырушы тиісті тәуекелді сақтандыруға қабылдауға дайын болатын сыйлықақы мөлшерлемесі. Сақтандырудың барынша қолайлы талаптарын анықтау мақсатында котировканы бірнеше сақтандырушыдан алуға болады

Меншікті ұстап қалу

Жауапкершілік көлемінің сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауап беретін шектегі бөлігі

Міндетті сақтандыру

Заңнамалық актілердің талаптары бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру; егер міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, оның талаптары тараптардың келісімімен айқындалады. Міндетті сақтандыру шарты осы сақтандыру түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін

Мүгедектік

Ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен қатар жүретін денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі

Мүлікті сақтандыру

Мүліктің зақымдануы немесе жойылуы салдарынан оны иеленумен, пайдаланумен, оған билік етумен байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

Мүліктік сақтандыру

Мүлікті және соған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтардың жоғалу (жойылу), кем шығу немесе зақымдану тәуекелі сақтандырылады

Мүліктік сақтандыру шарты

Сақтандыру объектісі мүлік және соған байланысты мүліктік мүдделер болып табылатын сақтандыру шарты. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтардың жоғалу (жойылу), кем шығу немесе зақымдану тәуекелі сақтандырылады. Мұндай мүлікке заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық зияткерлік қызметтің объективтендірілген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар және басқа да мүлік жатады.

Нетто-мөлшерлеме

Брутто-мөлшерлеменің сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған ресурстарын қалыптастыруға бағытталған бөлігі

Облигаторлық қайта сақтандыру

Қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандыру жабыны қолданылатын белгілі бір сақтандыру түрінің (немесе өзге белгілері бойынша — ұқсас мүліктік мүдделер, сақтанушылар немесе сақтандыру тәуекелдері бойынша біріктірілген) шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде қайта сақтандырушыда қайта сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесі туындайды, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға осындай барлық сақтандыру шарттары бойынша оның пайдасына тиесілі қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді

Облигаторлық қайта сақтандыру

Қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандыру жабыны қолданылатын белгілі бір сақтандыру түрінің (немесе өзге белгілері бойынша — ұқсас мүліктік мүдделер, сақтанушылар немесе сақтандыру тәуекелдері бойынша біріктірілген) шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде қайта сақтандырушыда қайта сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесі туындайды, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға осындай барлық сақтандыру шарттары бойынша оның пайдасына тиесілі қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді

Пайда алушы

Сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерге сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға.

Пропорционалды емес қайта сақтандыру

Егер қайта сақтанушы жасасқан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері оның осы төлемдегі өзіндік ұстап қалу сомасынан асып кетсе, қайта сақтандыру шартында белгіленген сома шегінде қайта сақтандырушының қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін қайта сақтандыру шартының талабы

Пропорционалды қайта сақтандыру

Қайта сақтандыру шартының қайта сақтанушы жасаған тікелей сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің шартта белгіленген пайызы мөлшерінде қайта сақтандырушының қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін талабы

Редукцияланған сақтандыру сомасы

Сақтанушы кезекті сақтандыру жарналарын төлеуді мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты азайтылған өмірді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы. Редукцияланған сақтандыру сомасында шарт сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін жарналарды одан әрі төлемей-ақ қолданыла береді

Резервтік қор

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтанушылардан инвестициялау мақсатында алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залал) есебінен, сақтандырушының басқару нәтижесінде шеккен шығыстарын ескере отырып, сақтандырушы қалыптастыратын ақша сомасы

Рента

Сақтандырушы шартта белгіленген мерзім ішінде сақтандыру қамтамасыз етуі (тұрақты табыс) ретінде шартта көрсетілген мөлшерде мерзімді түрде төлейтін сома немесе сомалар. Төлемдер шартта көзделген сақтандыру жағдайының (жағдайларының) басталуына байланысты, мысалы, шартта уағдаластырылған жасқа толғанда, немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайда (жағдайларда) жүргізіледі

Ретроцессия

Қайта сақтандырушының өзі қабылдаған тәуекелдің бір бөлігін басқа қайта сақтандырушыларға беруі

Сатып алу құны

Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушы алуға құқылы ақша сомасы

Сақтандыру

САҚТАНДЫРУ (insurance) — зардап шегушіге ықтимал залалдардың өтелуіне кепілдік беру арқылы тәуекелді азайту тәсілі. Залалдар залалдан қауіптенетін сақтанушылардың жарналары есебінен қалыптастырылатын және олардың өтелуіне кепілдік беретін сақтандырушының басқаруындағы сақтандыру қорынан өтеледі. Сақтандыру — қызмет көрсету саласының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Сақтандыру жаңа тауарлар жасамаса да, кез келген сақтанушының залалдарын сақтандыру қорының барлық қатысушылары арасында бөлу олардың қызметін қауіпсіз етеді. Сақтандырусыз белгісіздік пен тәуекелге байланысты өндірістік қызметтің көптеген түрлері мүмкін болмас еді.

Сақтандыру бағалауы

Сақтандыруға қабылданатын немесе қабылданған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің нақты құнын анықтау процесі. Сақтандыру бағалауы негізінде сақтандыру сомасы есептеледі, келтірілген залалдың көлемі мен сақтандыру төлемінің мөлшері айқындалады

Сақтандыру брокері

Сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру не қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру валютасы

Сақтандыру жасалған валюта. Сыйлықақы сақтандыру валютасында төленуге тиіс және сақтандыру өтемінің сомалары да осы валютада төленеді. Сақтандыру шартында міндетті түрде көрсетіледі

Сақтандыру жағдайы

Басталуымен сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға

Сақтандыру жағдайының ықтималдығы

Сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша сақтандыру өтемі төленетін сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігін сандық бағалау. Сақтандыру жағдайының ықтималдығы сақтандыру тарифтерін, мөлшерлемелерді, сыйлықақыларды, оларға жеңілдіктер мен үстемелерді белгілеу үшін негіз болады.

Сақтандыру компаниясының агенті

Сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген және тапсырма шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

Сақтандыру лимиті

Сақтандыру шартында көрсетілген, шегінде сақтандырушы сақтанушы (үшінші тұлғалар) алдында жауапты болатын сақтандыру сомасы

Сақтандыру мүддесі

Сақтандыруға материалдық мүдделіліктің өлшемі.

Сақтандыру нарығы

Қоғамның сақтандыру қорғауына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында «сақтандыру жабыны» деп аталатын ерекше тауарды сатып алу-сату кезінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі

Сақтандыру объектісі

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері, оның ішінде: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруімен, қайтыс болуымен, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуымен; 2) жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалар, аурулар салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен; 3) мүлікті иеленумен, пайдаланумен және оған билік етумен; 4) басқа тұлғаларға, оның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты мүдделер.

Сақтандыру полисі

Сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланкілерінде қолдан жасаудан қорғаудың кемінде үш дәрежесі болуға тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәуленің әсерінен анықталатын көрінбейтін элемент және тангирлік тор міндетті болып табылады. Сақтандыру полисі бланкісінің мәтіні екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде болуға тиіс

Сақтандыру сыйлықақысына үстеме

Нетто-мөлшерлеменің күтілетін мәндерден кездейсоқ ауытқу тәуекелін көрсететін бөлігі

Сақтандыру тарифі

Сақтандыру жабыны бірлігінің құны. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері сақтандыру тарифінің мынадай құрамдас бөліктерін айқындайды: 1) нетто-мөлшерлеме; 2) тәуекел үстемесі; 3) жүктеме; 4) брутто-мөлшерлеме.

Сақтандыру түрлері

Сақтандыру ұйымы әзірлейтін және сақтандыру шартын жасасу арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде сақтанушыға ұсынатын сақтандыру өнімі

Сақтандыру шарты

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шарт пайдасына жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

Сақтандыру қадағалауы

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін бақылау

Сақтандыру қамтамасыз етуі

Мүлікті сақтандыруда — сақтанушының жекелеген объектілері немесе бүкіл мүлкі сақтандырылған соманың абсолюттік (құндық) көрінісі. Сақтандыру қамтамасыз етуі ұғымы сақтандыру ұйымының өзі жүргізетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы бойынша жалпы міндеттемелерін бағалау үшін де қолданылады

Сақтандырушы

Сақтандыру шарты бойынша белгілі бір сыйақы (сақтандыру сыйлықақысы) үшін сақтанушыға немесе пайдасына сақтандыру жасалған басқа тұлғаға шартта айтылған сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде туындаған залалдарды өтеу міндеттемесін өзіне алатын заңды тұлға

Сақтандырушы жауапкершілігінің лимиті

Сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын сақтандырушының ең жоғары жауапкершілігі.

Сақтандырылған

Өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға

Суброгация

Егер мүлікті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегінде сақтанушының (сақтандырылғанның) сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты тұлғаға қоятын талап ету құқығы ауысады. Алайда залалдарды қасақана келтірген тұлғаға талап ету құқығының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болып табылады

Сыйлықақы

Сақтанушы сақтандырушыға соңғысының сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін өзіне қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы

Сюрвейер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өтеулі қызмет көрсету шартына сәйкес қызмет көрсететін заңды тұлға, оның функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала қарап-тексеру және бағалау кіреді

Тантьема

Қайта сақтандырушылардың қайта сақтанушыны қайта сақтандыру шартына қатысу мүмкіндігін бергені үшін көтермелеу нысаны. Қайта сақтандырушы өзі қатысатын қайта сақтандыру шарттарынан алған таза пайда сомасынан белгілі бір пайыз мөлшерінде жыл сайын төленеді

Тапсырма шарты

Тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) сыйақы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және сақтандыру компаниясының ішкі құжаттарында көзделген өкілеттіктер шегінде екінші тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөнінде делдалдық қызметтер көрсетуге міндеттенеді.

Теңіз сақтандыруы

Теңіз кәсіпорнына қатысушылардың мүліктік мүдделерін жолаушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша тасымалдаушының жауапкершілігіне, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігіне, сондай-ақ кемелерден теңізді мұнаймен ластаудан келген залал үшін жауапкершілікке (екі мың және одан да көп тонна көлемінде мұнай тасымалдау кезінде) байланысты тәуекелдерден қорғау. Сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі, залал болғанға дейінгі және одан кейінгі тараптардың өзара қатынастары және т.б. заңнамалық актілермен және сақтандыру шартының талаптарымен айқындалады.

Тонау

Бөтеннің мүлкін ашық ұрлау

Топтық сақтандыру

Топтық сақтандыру кезінде бір сақтандыру шартымен бір мезгілде пайда алушылар да болып табылатын бірнеше сақтандырылған адам қамтылады.

Тәуекел

Тәуекел [грек. risikon — жартас] — қызмет белсенділігінің оның нәтижесіндегі айқын белгісіздікті «айқындайтын» және кейде субъект үшін жағымсыз, тіпті қатерлі салдарларға әкелетін ерекшеліктері. Тәуекел және тәуекелді мінез-құлық мәселелері жөніндегі мамандардың пікірінше, классикалық әлеуметтік психология мен тұлға психологиясы аясында «тәуекел» терминін үш негізгі мағынада қолдану орынды: «1) тәуекел — қызметтегі сәтсіздік кезінде күтілетін қолайсыздықтың өлшемі, ол сәтсіздік ықтималдығы мен бұл жағдайдағы жағымсыз салдарлар дәрежесінің үйлесімімен анықталады; 2) тәуекел — субъектіге қандай да бір тұрғыдан шығынмен (ұтылыспен, жарақатпен, залалмен) қатер төндіретін әрекет. Эксперимент жүзінде қызметтегі ситуациялық артықшылықтарға есептелген уәжді тәуекел және уәжсіз тәуекел ажыратылады. Сонымен қатар тиісті әрекетті жүзеге асыру кезіндегі күтілетін ұтыс пен күтілетін ұтылыстың арақатынасына қарай ақталған және ақталмаған тәуекел бөлінеді; 3) тәуекел — әрекеттің екі ықтимал нұсқасы арасындағы таңдау жағдайы: тартымдылығы төмен, бірақ сенімдірек нұсқа мен тартымдырақ, бірақ сенімділігі төмен нұсқа (оның нәтижесі күмәнді және ықтимал жағымсыз салдарлармен байланысты). Дәстүрлі түрде мұнда жағдайлардың екі класы анықталады: а) табыс пен сәтсіздік жетістіктердің белгілі бір шкаласы бойынша бағаланатын жағдайлар («талаптану деңгейі» типіндегі жағдайлар), б) сәтсіздік жазаға әкелетін жағдайлар (физикалық қатер, ауырсыну әсері, әлеуметтік санкциялар)» (В. А. Петровский). Бұл ретте тәуекел феномені субъект, былайша айтқанда, сәттілікке сенетін және оның тәуекелге бару шешімі мәселені шеше алатынын сезінуіне сүйенбейтін жағдайларда және оның тәуекелге баруға дайындығы өз қабілеттері мен дағдыларының арқасында табысқа жете алатыны туралы түсінігімен тікелей байланысты жағдайларда мүлде басқаша көрінетінін атап өткен жөн. Екінші жағдайда субъектінің тәуекелге баруға дайындығы мен мұндай тәуекелдің ақталатынына сенімі бірінші жағдайдағыдан әлдеқайда жоғары екені көрсетілген. Практикалық психологияда «тәуекел» ұғымы, әдетте, субъектінің жүзеге асырылуы жағымсыз, қауіпті салдарларға әкелуі мүмкін шешім қабылдауын және жүзеге асырылуы әуел бастан қауіпсіз шешімнен бас тартуын көздейтін белсенділіктің іске асуын едәуір дәрежеде түсіндіретін термин ретінде қарастырылады. Тәуекел мәселесіне байланысты тағы бір сәтке тоқталмай кетуге болмайды. Психологияда, әсіресе соңғы онжылдықтарда, «тәуекелге қарай ығысу» ұғымы берік орнықты, ол мағынасы жағынан болжанған, жоспарланған қызмет туралы топтық пікірталас нәтижесінде қол жеткізілетін белгілі бір әсерді білдіреді. «Тәуекелге қарай ығысу» — бұл, шын мәнінде, топтық талқылаулардың нәтижесі ретінде нақты жеке және топтық әрекеттердің тәуекелділігінің артуы (кейбір зерттеушілер тәуекелді белсенділіктің төмендеу жағдайлары да дәл осы логикада сипатталуға тиіс деп санаса да). Бұл ретте, әдетте, бастапқы жеке шешімдермен салыстырғанда қайталама жеке шешімдердің тәуекелділік деңгейінің өзгерістері, бастапқы топтық шешіммен салыстырғанда қайталама топтық шешімдердің тәуекелділік деңгейінің өзгерістері, бастапқы топтық шешіммен салыстырғанда қайталама жеке шешімдердің тәуекелділік деңгейінің өзгерістері, бастапқы жеке шешімдермен салыстырғанда қайталама топтық шешімнің тәуекелділік деңгейінің өзгеруі туралы сөз болады.

Тәуекел

Сөзсіз емес, ықтимал сипаттағы және залалдардың себебі бола алатын кездейсоқтықтар немесе қауіптер; белгілі бір деңгейдегі шығындардың туындау жиілігімен, ықтималдығымен өлшенеді. (МҮЛІКТІҢ) КЕЗДЕЙСОҚ ЖОЙЫЛУ ТӘУЕКЕЛІ — міндеттеме тараптарына байланысты емес себептер бойынша (кездейсоқ жағдай, еңсерілмейтін күш) мүліктің жойылуына немесе бүлінуіне байланысты ықтимал залал шегу тәуекелі.

Факультативтік қайта сақтандыру

Қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандыру жабыны қолданылатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде қайта сақтандырушыда қайта сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесі туындайды, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді

Франшиза

Сақтандыру талаптарында көзделген, мүлікті сақтандыратын тұлға залалдарының сақтандырушы тарапынан өтелуге жатпайтын бөлігі. Сақтандыру сомасына пайызбен не абсолюттік мөлшерде белгіленеді. Франшизаның екі түрі бар: шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін). Бірінші жағдайда сақтандырушы франшизаның белгіленген сомасынан аспайтын залал үшін жауапкершіліктен босатылады, бірақ егер залалдың мөлшері осы сомадан асса, оны толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайда белгіленген соманы шегере отырып өтеледі.

Фронтинг

Тәуекелдерді толығымен (100%) басқа сақтандыру немесе қайта сақтандыру компанияларына беру мақсатында оларды сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау, көбіне соңғыларының өтініші бойынша тиісті сыйақыға

Цедент

Тәуекелді орналастыратын, тәуекелді қайта сақтандыруға беретін сақтандыру компаниясы

Цессионарий

Тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдайтын сақтандыру компаниясы (қайта сақтандырушы)

Цессия

Меншікке, қаражатқа ие болу немесе оларды алу құқығын басқаға беру, басқа тұлғаларға табыстау (талапты басқаға беру). Тәуекелді қайта сақтандыруға беруді білдіру үшін қолданылады. Бұл жағдайда қайта сақтанушы цедент рөлінде, ал қайта сақтандырушы цессионарий рөлінде болады

Шартсыз франшиза

Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайда белгіленген соманы шегере отырып өтеледі. Франшиза сақтандыру сомасына пайызбен не абсолюттік мөлшерде белгіленеді.

Шұғыл медициналық көмек

Емдеудің барлық кезеңдерінде (емхана — жедел медициналық жәрдем — стационар) жедел аурулары немесе жарақаттары бар пациенттерге білікті медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешені

Эксцедент

Сақтандыру ұйымы сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің бір бөлігін қайта сақтандыруға беретін қайта сақтандыру жүйесі

Қайта сақтандыру

Бір жағынан, қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің барлығын немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және, екінші жағынан, олардың арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар

Қайта сақтандыру шарты

Бір тұлға (қайта сақтандырушы) белгілі бір ақы (қайта сақтандыру сыйлықақысы) үшін басқа тұлғаның (қайта сақтанушының) тәуекелінің белгіленген үлесін өз жауапкершілігіне қабылдауға міндеттенетін шарт. Қайта сақтанушы жасасқан тікелей сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің шартта белгіленген пайызында қайта сақтандырушының қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін қайта сақтандыру шартының талабы;

Қарақшылық

Бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасалған адамның өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті зорлық-зомбылық қолданумен не осындай зорлық-зомбылықты тікелей қолдану қатерін төндірумен ұштасқан шабуыл

Қорқыныш

Қорқыныш — индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік өміріне қатер төнген жағдайларда туындайтын және нақты немесе елестетілген қауіптің көзіне бағытталған эмоция. Өмір сүруге қауіпті факторлардың нақты әсерінен туындайтын ауырсыну мен азаптың басқа түрлерінен айырмашылығы, қорқыныш оларды алдын ала сезген кезде пайда болады. Қатердің сипатына қарай қорқынышты сезінудің қарқындылығы мен ерекшелігі реңктердің едәуір кең ауқымында (сескену, қорқу, шошу, үрей) өзгереді. Функционалдық тұрғыдан қорқыныш субъектіні алдағы қауіп туралы ескертуге қызмет етеді, назарды оның көзіне шоғырландыруға ықпал етеді және одан құтылу жолдарын іздеуге итермелейді. Қорқыныш аффект күшіне жеткен жағдайда (дүрбелеңді қорқыныш, үрей) ол түрге тән мінез-құлық стереотиптерін (қашу, сіресіп қалу, қорғаныстық агрессиялық мінез-құлық) таңуға қабілетті. Қорқыныш реакциясы филогенездің де, онтогенездің де ең ерте сатыларында үйренудің айқын әсерінсіз пайда болады. Бастапқыда оны генетикалық тұрғыдан бекітілген шартсыз тітіркендіргіштер (мысалы, кенеттен болатын қарқынды стимул, ауырсыну, жаңалық) тудырады, алайда қорқыныштың із қалдыруға (шарттандыруға) айқын бейімділігіне байланысты, ол көбіне импринтинг түрінде жүретіндіктен, оны тудыратын әсерлер шеңбері тез кеңеюі мүмкін. Адамның әлеуметтік дамуында қорқыныш тәрбие құралдарының бірі ретінде көрінеді: мысалы, қалыптасқан моральдық немесе қылмыстық айыптаудан қорқу мінез-құлықты реттеу факторы ретінде пайдаланылады. Қоғам жағдайында индивид құқықтық және басқа да әлеуметтік институттардың қорғауын пайдаланатындықтан, адамның қорқынышқа жоғары бейімділігі бейімделушілік мәнін жоғалтады және дәстүрлі түрде теріс бағаланады. Қалыптасқан қорқыныш реакциялары салыстырмалы түрде тұрақты болады және олардың мағынасыздығын түсінген кезде де сақталуы мүмкін. Сондықтан қорқынышқа төзімділікті тәрбиелеу әдетте адамды одан арылтуға емес, ол болған кезде өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Қорқыныштың барабар емес реакциялары түрлі психикалық ауруларда (мысалы, фобияларда) байқалады.

Қосарланған сақтандыру

Қосарланған (көптік) сақтандыру — бір объектіні бірнеше сақтандырушыда әрқайсысымен жасалған жеке шарттар бойынша сақтандыру. Мүлікті қосарланған сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы сақтанушы алдында өзімен жасалған шарт шегінде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауға тиіс. Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты залалды жаппаса, сақтанушы жетпейтін соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы

Ұрлық

Мүлікті жасырын ұрлау

Өзара сақтандыру

Сақтандыру нысандарының бірі, онда әрбір сақтанушы өзара сақтандыру қоғамының, яғни өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаның мүшесі болып табылады

Өзара сақтандыру қоғамы

Өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға

Тақырып бойынша тағы

Polis Re