Жол-көлік оқиғасы кезінде:
Апаттық тоқтау белгісін қосып, содан кейін көлік оқиғасы туралы жол полициясының қызметкерлеріне 112 телефоны арқылы хабарлаңыз. Жол полициясының қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын орнынан қозғамаңыз және оқиға орнынан кетпеңіз.
- ЖКО туралы Сақтандыру компаниясының Call centre-іне мына телефон арқылы хабарлаңыз: шартта көрсетілген нөмір, және ЖКО орнына апаттық комиссарды шақырыңыз.
- Зақымданған көлік құралын (зақымданған мүлікті) Сақтандыру компаниясының өкілі қарап шыққанға дейін сақтандыру оқиғасының нәтижесінде қандай күйде қалса, сол күйінде сақтаңыз
- Ықтимал залалды азайту үшін барлық мүмкін шараларды қолданыңыз.
- Сақтандыру оқиғасы туралы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандыру компаниясының кеңсесіне хабарлаңыз, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс.
- Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыныңыз.
Құжаттар тізбесі*:
- Сақтандыру жағдайы туралы өтініш
- Полистің немесе сақтандыру шартының көшірмесі
- Жол полициясы басқармасынан алынған материалдардың куәландырылған көшірмелері: хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемелері, № 2 қосымшасы бар ЖКО схемасы, ал ЖКО-да зардап шеккендер болса, қылмыстық іс қозғау/жауапқа тарту/қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
- Әкімшілік соттың заңды күшіне енген қаулысының көшірмесі (сот мөрімен куәландырылған);
- Егер ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа берілген болса — қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны тоқтата тұру туралы қаулы, соттың заңды күшіне енген үкімі не сот шығарған және істің нәтижесін айқындайтын өзге процестік құжат;
- Психоактивті затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтауға арналған медициналық куәландыру хаттамасы;
- Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- Сақтандырылған КҚ-ны басқаруға берілген сенімхаттың көшірмесі (автокөлік сенімхат бойынша басқарылған жағдайда;
- Сақтандырылған КҚ-ны басқарған адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
- Сақтандырылған КҚ-ны басқарған адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
- Залал мөлшерін растайтын құжаттар, зақымданған сақтандырылған КҚ-ны бағалау туралы есеп, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге арналған шот, зақымданған бөлшектердің фотосуреттері;
- Пайда алушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініші.
* Сақтандыру бағдарламасына сәйкес өзге құжаттар да көзделуі мүмкін.
Өрт кезінде:
- Көлік құралының қозғалтқышын сөндіріңіз;
- Көлік құралынан шығыңыз;
- Оқиға туралы мына телефон арқылы хабарлаңыз: шартта көрсетілген нөмір және өрт орнына өртке қарсы қызмет қызметкерлерін шақырыңыз. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері келгенге дейін, егер бұл өмірге қауіп төндірмесе, қолдағы құралдармен өртті сөндіруге кірісіңіз.
- Өрт туралы Сақтандыру компаниясының Call centre-іне мына телефон арқылы хабарлаңыз: шартта көрсетілген нөмір, және оқиға орнына апаттық комиссарды шақырыңыз;
- Өртке қарсы қызмет органдарынан тиісті рұқсат алынғаннан кейін зақымданған автокөлікті сақтау орнына жеткізіп, бағалаушы мен Сақтандырушының өкілдері қарап шыққанға дейін оның өрттен кейінгі күйінде сақталуын қамтамасыз етіңіз;
- Сақтандыру оқиғасы туралы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандыру компаниясының кеңсесіне хабарлаңыз, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс;
- Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыныңыз.
Құжаттар тізбесі:
- Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
- Полистің немесе сақтандыру шартының көшірмесі;
- Өрт туралы актінің көшірмесі;
- Өрт-техникалық сараптама қорытындысының көшірмесі;
- Өрттің себептерін тергеу нәтижелері бойынша шығарылған түпкілікті процестік құжат;
- Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- Сақтандырылған КҚ-ны басқаруға берілген сенімхаттың көшірмесі (автокөлік сенімхат бойынша басқарылған жағдайда);
- Сақтандырылған КҚ-ны басқарған адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
- Сақтандырылған КҚ-ны басқарған адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
- Залал мөлшерін растайтын құжаттар, зақымданған сақтандырылған КҚ-ны бағалау туралы есеп, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге арналған шот, зақымданған бөлшектердің фотосуреттері;
Көлік ұрланған кезде
- Ұрлық туралы дереу мына телефон арқылы хабарлаңыз: шартта көрсетілген нөмір;
- Сақтандыру оқиғасы туралы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандыру компаниясының кеңсесіне хабарлаңыз, ауызша өтініш кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс;
- Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсыныңыз.
Құжаттар тізбесі:
- Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
- Сақтандыру шартының түпнұсқасы;
- Сақтандырылған КҚ техникалық паспортының түпнұсқасы;
- Сақтандырылған КҚ-ға орнатылған дабыл жүйесінің кілттері мен брелоктарының толық жиынтықтары;
- Сақтанушының жеке куәлігінің көшірмесі;
- Оқиға фактісі бойынша ішкі істер органдарына берілген арыздың көшірмесі;*
- Оқиға орнын қарау хаттамасының көшірмесі;
- Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі;
- Іс бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулының көшірмесі;
- Күдікті болған жағдайда — айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі;
- Істің нәтижесін айқындайтын процестік құжаттың көшірмесі: қылмыстық іс қозғаудан бас тарту, оны тоқтата тұру туралы қаулы не сот үкімі;
"Абандон" (сақтандырылған КҚ табылмаған жағдайда Клиенттің сақтандырылған КҚ-дан мүлік ретінде сақтандыру компаниясының пайдасына бас тартуы), ал егер КҚ зақымданған күйде табылса, осы қызмет түріне лицензиясы бар сарапшы жасаған қалпына келтіру жөндеуі құнының есебін ұсыну қажет.
* Клиент ұсынатын уәкілетті органдардың құжаттары түпнұсқада ұсынылуға тиіс, ал құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда олар нотариалды түрде не құжатты берген мемлекеттік органның немесе ұйымның жауапты адамының мөрімен және қолымен куәландырылуға тиіс.