Автокөлікті сақтандыру бағдарламалары
Автокаско бағдарламалары және Автокаско тарифтері
Автомобиль — жоғары қауіп көзі әрі қымбат игілік, сондықтан ол иесінің күнделікті қамқорлығын қажет етеді. Жолдағы қолайсыздықтар мен көлікті пайдалану кезіндегі күтпеген жағдайлардан қалай қорғануға болады? Бұл сұрақтарға әртүрлі жауап беруге болады: Міндетті сақтандыру, күзетілетін тұрақ, дабыл жүйесі, Автокөлікті сақтандыру, Автокаско. Барлық жауап дұрыс, бірақ күтпеген шығындардың бәрін өтеуге тек автокөлікті сақтандыру ғана мүмкіндік береді.
«Минимум» бағдарламасы!
Шығыны аз, бірақ шығыны көп болуы мүмкін автосақтандыру — Polis Re оны осылай әзілдеп атайды, өйткені сақтандыру сыйлықақысы мейлінше аз төленгенде, сақтандыру төлемінен көп нәрсе талап ету қиын.
- Жол-көлік оқиғасы
Бүгін түнде дабыл бірнеше рет іске қосылды… Көрші аулада автомобиль айдап әкетілді… Таңертең жолыңызды бірнеше рет кесіп өтті… Жұмысқа бара жатып ЖКО-ның куәсі болдыңыз…
Автомобиль иелерінің жүйкесін тоздыратын осындай жағдайлар қаншама???
Автомобильді сақтандыру — қаржылық әл-ауқатыңызды сақтаудың сенімді тәсілі.
3% бағдарламасының артықшылықтары
Тариф — автомобиль құнының 3%, бірақ 15 000 теңгеден кем емес.
3,5% бағдарламасы. Автосалоннан автомобиль сатып алдыңыз ба? Құттықтаймыз! Оған қамқор болыңыз!!!
Әдемі, жаңа және ең бастысы — сүйікті автомобиль… Оны көздің қарашығындай сақтағың келеді… Бірақ жолда басқа жүргізушілердің шеберлігіне кепілдік беру мүмкін емес… Автомобильді қараусыз қалдырғанда, оған зақым келмейтініне ешқандай кепілдік жоқ… Ал алаяқтар ең сенімді автомобиль дабылының өзімен де оңай күресе алады…
Кепілдік ешқашан артық болмайды! Жарқыраған сүйікті автомобиліңізге қамқор болыңыз!
3,5% бағдарламасының артықшылықтары
Тариф — сақтандыру сомасының 3,5%, бірақ 15 000 теңгеден кем емес.
«VIP Каско» бағдарламасы. Бұл бағдарлама сақтандыру төлемін толық көлемде алғыңыз келсе, дәл сізге арналған.
«VIP Каско» бағдарламасының артықшылықтары:
- ЖКО орнына МАИ шақырмай және МАИ құжаттарын ұсынбай төлем жүргізу;
- Үшінші тұлғалардың мүлкіне сіз келтірген залалды 600 АЕК-ке дейін өтеу;
- Төлемді мамандандырылған сервис орталығының шоты бойынша жүргізу;
- Автомобильдің амортизациялық тозуын есепке алмай төлем жүргізу;
- Сақтандыру шартының лимит толық пайдаланылғанға дейін әрекет етуі;
- Зақымдану бойынша франшизаның болмауы;
- Алматы қаласы бойынша эвакуатор қызметін пайдалану мүмкіндігі;
- Сақтандыру төлемдері жүргізілгеннен кейін сақтандыру сомасын қалпына келтіру мүмкіндігі;
- Сақтандыру шартын ұзартатын шығынсыз клиенттерге икемді жеңілдіктер жүйесін ұсыну.
Мына оқиғалардың салдарынан автомобильдің зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы болып табылады:
- жол-көлік оқиғасы (ЖКО);
- өрт, жарылыс;
- дүлей апат (көшкін, тау опырылуы, дауыл, құйын, боран, су тасқыны, нөсер, бұршақ, найзағай түсуі);
- қозғалыстағы КҚ астынан ұшқан тастардың тиюі салдарынан сақтандырылған КҚ әйнектерінің сынуы;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері (айдап әкету, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана жою);
- әртүрлі бөгде заттардың құлауы;
- ұрлық, тонау, қарақшылық.