Полис нені қорғайды
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру дегеніміз не. Кәсіби жауапкершілік шарты кімге қажет. Тегін кеңес және сақтандыру полистерін рәсімдеу.
Кәсіби жауапкершілікті ерікті сақтандыру шарты.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру талаптары көп жағынан азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талаптарына ұқсас, сондықтан, өкінішке қарай, аталған түрлердің айырмашылықтарын аз адам біледі.
Кәсіби жауапкершілік дегеніміз не?Бұл — өз кәсіби қызметі барысында жол берген немқұрайлылығы немесе тәжірибесінің жетіспеуі салдарынан заңды және жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруі мүмкін әртүрлі санаттағы тұлғалардың (оның ішінде ЗТ) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершілігінің түрі.
Азаматтық заңнама басқа тұлғаға келтірілген зиян үшін жауапкершілікті белгілейді. Бұл зиян толық көлемде өтелуге тиіс. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен әртүрлі, кейде өте күрделі мамандықтағы адамдар жұмыс істейтін едәуір шағын кәсіпорындар да айналысатынын ескерсек, кәсіби қателік нәтижесінде өз клиенттеріне келтірілген зиянды өтеу кепілдіктері мәселесі аса өткір тұр.
Кәсіби жауапкершілікті ерікті сақтандыру шартын жиі жасасатын кәсіптер:
- аудиторлық қызмет;
- жеке нотариустардың қызметі;
- тасымалдаушының қызметі;
- күзет агенттіктерінің қызметі;
- бағалау қызметі;
- дәрігерлік қызмет;
- косметологиялық қызмет;
- құрылыс компаниялары.
Кейбір жағдайларда кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жанама түрде міндетті тәртіппен жүргізіледі, атап айтқанда авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу кезінде.
Сақтандырудың аталған түрін ҚР ӘМ сұратады, бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Сақтандыру жағдайы деп Сақтанушының кәсіби қызметті жүзеге асыруы кезіндегі немқұрайлылықтың, қателіктің немесе олқылықтың салдары болып табылатын, соның нәтижесінде Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян және/немесе мүлкіне нақты залал келтірілген және Сақтанушыға зиянды өтеу туралы талап қойылған оқиға танылады.
Сақтандыру төлемі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарты бойынша Жарғыда (Ережеде, лицензияда) көзделген кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу жөніндегі Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Кәсіби жауапкершілік Шартының қолданылу мерзімі — 1 жыл.
Ең тәжірибелі, білікті және құзыретті маман да абайсызда қателік жіберуі мүмкін, ал оның бағасы — материалдық залал, клиенттің денсаулығы, тіпті өмірі. Сондай-ақ нақты маманның немесе тұтастай мекеменің беделі зардап шегуі мүмкін. Бұл сақтандыру өнімі залалды өтеудің сенімді әрі өркениетті тетігі бола отырып, клиенттерге қосымша кепілдіктер, ал сақтанушының өзіне нақты артықшылық пен кәсіби қызметінің тұрақтылығына сенімділік береді.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру мәселелері бойынша біздің менеджерлерімізге хабарласыңыз.
Талаптарды қалай таңдау керек
- барлық кәсіби қызметтерді сипаттаңыз;
- клиент талабының ең жоғары мөлшерін бағалаңыз;
- аумақты және ретроактивті күнді келісіңіз;
- сот шығыстарының өтелуін тексеріңіз;
- ерекшеліктер мен франшизаны зерделеңіз;
- құжат айналымына қойылатын талаптарды нақтылаңыз.
Талап қойылған кездегі әрекеттер
Талапты алғаннан немесе залалға әкелуі мүмкін мән-жай анықталғаннан кейін сақтандырушыны хабардар етіңіз. Клиентпен жасалған шартты, техникалық тапсырманы, есептерді, актілерді, хат алмасуды және болжамды залалдың есебін сақтаңыз.
Материал ақпараттық сипатта. Сақтандыру қорғанысы шартпен және сақтандыру компаниясының қағидаларымен айқындалады.