2026 жылға арналған жаңарту. Қазақстанда автосақтандыру көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды (КҚЖМ) және ерікті бағдарламаларды, соның ішінде КАСКО-ны қамтиды. КҚЖМ сақтандырылған жүргізушінің кінәсінен жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтейді, бірақ кінәлі тараптың автокөлігінің зақымдалуын өтемейді; КАСКО нақты шарттың тәуекелдері мен талаптары шегінде автокөліктің өзін қорғайды.

КҚЖМ шарты электрондық нысанда ресімделеді. Оңайлатылған ресімдеудің белгіленген шарттарына сәйкес келетін ЖКО үшін еуропротокол және онлайн-реттеу қолданылуы мүмкін. Жәбірленушілер, жүргізушілер арасында келіспеушіліктер немесе оңайлатылған тәртіпті жоққа шығаратын басқа да мән-жайлар болған кезде жедел қызметтерді шақыру қажет.

КАСКО бойынша тәуекелдер тізбесі, франшиза, қолданылу аумағы, хабарлау мерзімдері мен құжаттар шартпен және сақтандырушының қағидаларымен айқындалады. Сондықтан төменде келтірілген ұсынымдарды өз полисіңізбен және заңнаманың қолданыстағы талаптарымен салыстырып тексеру керек.

Автосақтандыру өз бойында бірнеше сақтандыру түрін біріктіреді: КАСКО автосақтандыруы және автокөлік иелерінің АҚЖ-ын міндетті сақтандыру:

1. КАСКО автосақтандыруы - бұл жерүсті көлік құралын иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге байланысты мүліктік мүдделерді ерікті сақтандыру.

КАСКО полисі сізді мына тәуекелдерден қорғайды:

  • ЖКО
  • Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері
  • Автокөлікті айдап әкету
  • Түрлі заттардың құлауы (ағаштар мен олардың бұтақтары, тастар, қар мен мұз, ғимараттардың бөліктері және терезеден лақтырылған заттар)
  • Аударылып қалу
  • Қозғалмайтын немесе қозғалыстағы заттарға, атап айтқанда: құрылыстарға, кедергілерге, жануарларға, ағаштарға соқтығысу (соғылу)
  • Өрт, жарылыс
  • Дүлей зілзалалар
  • сондай-ақ мүліктің кез келген зақымдалуы.

Біз сіздің таңдауыңызға түрлі автосақтандыру бағдарламаларын ұсынамыз. Өзіңізге қажеттісін таңдаңыз.

2. Автокөлік иесінің АҚЖ автосақтандыруы - Автокөлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, тек автокөлік иесі ЖКО-ға кінәлі болған жағдайда ғана әрекет етеді.

Көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ын міндетті сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру – «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-II Заңына сәйкес сақтандырудың міндетті түрі.

Жауапкершілікті міндетті автосақтандыру полисі не үшін қажет?

  • Полис сіздің кінәңізбен болған ЖКО нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген материалдық залалдың өтелуіне кепілдік береді
  • Полис сіздің автокөлігіңізді сақтандырмайды, бірақ сіз кінәлі болған жағдайда адамға келтірілген залалдың өтелуіне кепілдік береді

Сақтандыру жағдайы кезінде сақтандыру компаниясы жәбірленуші тарапқа қанша өтейді?

  • бір автокөлікке келтірілген зиян үшін - 907 200 теңгеден аспайды (600 АЕК)
  • әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін - 1 512 000 теңгеден аспайды (1000 АЕК)

Жауапкершілік лимиттерін АҚЖ-ны ерікті сақтандыру шартын жасасу арқылы ұлғайтуға болады.

Тікелей реттеу

Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші сақтандыру төлемін алу үшін өзімен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған сақтандырушыға жүгінеді, бұл ретте сақтандыру жағдайы кінәсінен болған адамның сақтандыру полисі болуы шарт.

АҚЖ авто калькуляторы

Автосақтандыру тиімдірек әрі жан-жақты болуы үшін Polis Re Сақтандыру орталығы осы екі түрді де сатып алуды ұсынады. Мына негізгі себептер бойынша:

  1. Барлық тәуекелдер бойынша қорғауды қамтамасыз ету;
  2. Заң талаптарын орындау;

Сақтандыру жағдайы басталған кезде

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі бойынша

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жерге міндетті түрде 102 телефоны арқылы Жол полициясы басқармасының қызметкерлерін шақырыңыз
  2. Өмірге және денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда міндетті түрде 103-ке қоңырау шалыңыз
  3. Көлік құралы өртенген жағдайда 101-ге қоңырау шалыңыз.
  4. Сақтандыру жағдайын тіркеу үшін Жол-көлік оқиғасы болған жерге Сақтандыру компаниясының апаттық комиссарын шақырыңыз
  5. Сақтандыру жағдайы туралы Сақтандыру компаниясын ЖКО болған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде кез келген қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) міндетті түрде хабардар етіңіз. Ауызша хабарламаны кейіннен жазбаша растау қажет.

«КАСКО» автокөлігін ерікті сақтандыру полисі бойынша

Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кезінде, сондай-ақ көлік құралы тұраққа қойылған кезде зақымданғанда

  1. ЖКО болған жерге тел.: 102, ұялы 112 арқылы жол полициясы қызметкерлерін шақырып, жол полициясы қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын орнынан қозғамай, оқиға орнында қалу;
  2. ЖКО болған жерге апаттық комиссарды шақыру
  3. Ешқандай жағдайда кінәлі тұлғаға талап ету құқығынан бас тарту туралы өтініш жазбауыңыз керек, әйтпесе сізге сақтандыру төлемінен бас тартылады
  4. Сақтандыру компаниясын 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар ету
  5. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды ұсыну (төмендегі тізімді қараңыз)

Назар аударыңыз!

Егер сіз Алматы немесе Нұр-Сұлтан (Астана) қалалары шегінде автокөлігіңіздің оптикасын (алдыңғы\артқы әйнегін, алдыңғы\артқы фараларын) зақымдасаңыз және ЖКО-ның қатысушысы тек өзіңіз болсаңыз, яғни жәбірленуші тарап жоқ болса, МАИ-дан құжаттар ұсыну міндетті емес. Бірақ зақымданған автокөлікті тексеріп-қарау үшін ЖКО болған жерге апаттық комиссарды шақыру міндетті шарт болып табылады.

Залал келтірілгенде (үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде)

  1. Оқиға болған жерге тел.: 102, ұялы 112 арқылы аумақтық АІІБ қызметкерлерін шақыру;
  2. Оқиға орнына апаттық комиссарды шақыру;
  3. Болған оқиға туралы АІІБ-ге өтініш жазыңыз (бұл өтініштің тіркеу журналында тіркелгеніне көз жеткізіңіз);
  4. Ешқандай жағдайда кінәлі тұлғаға талап ету құқығынан бас тарту туралы өтініш жазбауыңыз керек, әйтпесе сізге сақтандыру төлемінен бас тартылады;
  5. Болған оқиға бойынша құжаттарды ресімдеу рәсімінен кейін АІІБ қызметкерлерінен осы оқиғаны қарауға қатысты ақпарат алу;
  6. Сақтандыру компаниясын 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар ету;
  7. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды ұсыну:

Айдап әкеткен кезде

  1. Оқиға болған жерге тел.: 102, ұялы 112 арқылы аумақтық АІІБ қызметкерлерін шақыру;
  2. Болған оқиға туралы АІІБ-ге өтініш жазыңыз (бұл өтініштің тіркеу журналында тіркелгеніне көз жеткізіңіз);
  3. Сақтандыру компаниясын 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар ету.
  4. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды ұсыну:

Өрт кезінде

  1. Оқиға болған жерге тел.: 101, ұялы 112 арқылы өртке қарсы қызмет қызметкерлерін шақыру;
  2. Оқиға орнына апаттық комиссарды шақыру;
  3. Сақтандыру компаниясын 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар ету.
  4. Өрт қадағалау органдарынан өрттің себебі және осы оқиға бойынша қабылданған шешім көрсетілген анықтама, қаулы алу;
  5. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды ұсыну (төменде қараңыз)
  6. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды ұсыну:

Заттар құлаған кезде

  1. Оқиға болған жерге тел.: 102, ұялы 112 арқылы аумақтық АІІБ қызметкерлерін шақыру;
  2. Оқиға орнына апаттық комиссарды шақыру;
  3. Сол күні АІІБ-ден осы оқиғаның тіркелгені туралы анықтама алу;
  4. Сақтандыру компаниясын 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар ету;
  5. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды ұсыну:

«МАИ-сыз КАСКО» автокөлігін ерікті сақтандыру полисі бойынша

Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) және зақымдану кезінде:

  1. Төлем алу үшін МАИ-дан құжаттар ұсынудың қажеті жоқ:
  • Егер ЖКО нәтижесінде адамның өміріне және денсаулығына зиян келтірілмесе;
  • Егер ЖКО-ның екінші қатысушысының сізге ешқандай наразылығы болмаса;
  • Егер ЖКО-ның қатысушысы тек өзіңіз болсаңыз және тек сіздің автокөлігіңіз зақымданса (мысалы, бағанаға соғылу, бұтақтардың құлауы, алдыңғы әйнекке тас тиюі, бұзақылық, қарақшылық және т.б.)
  1. Төлем алу үшін МАИ-дан құжаттар ұсыну қажет:
    • Егер ЖКО тараптарының бірінің екінші тарапқа наразылығы болса, ЖКО болған жерге тел. 102, ұялы 112 арқылы жол полициясы қызметкерлерін шақырып, жол полициясы қызметкерлері келгенге дейін көлік құралын орнынан қозғамай, оқиға орнында қалу қажет
  2. ЖКО болған жерге сақтандыру компаниясының апаттық комиссарын міндетті түрде шақыру
  3. Сақтандыру компаниясын ЖКО туралы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, байланыс жасайтын адамның деректерін (тел., эл. пошта) көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар ету. Өтініш бланкісін апаттық комиссардан алуыңызға, сондай-ақ толтырғаннан кейін бланкіні комиссарға беруіңізге болады
  4. Сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Залал келтірілгенде (бөгде заттармен зақымдану немесе үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері):

  1. Сол күні апаттық комиссарды шақыру міндетті емес
  2. Сақтандыру компаниясын 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, байланыс жасайтын адамның деректерін (тел., эл. пошта) көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар ету. Өтініш бланкісін апаттық комиссардан алуыңызға, сондай-ақ толтырғаннан кейін бланкіні комиссарға беруіңізге болады
  3. Сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Айдап әкеткен кезде:

  1. Оқиға болған жерге аумақтық АІІБ қызметкерлерін тел. 102 немесе ұялы 112 арқылы шақыру қажет
  2. Сақтандыру компаниясын ЖКО туралы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, байланыс жасайтын адамның деректерін (тел., эл. пошта) көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар ету
  3. Сақтандыру компаниясына көлік құралын сақтандыру шартына сәйкес құжаттарды ұсыну (ұсыну мерзімі 3 жылға дейін шектелген).

Өрт кезінде:

  1. Оқиға болған жерге өртке қарсы қызмет қызметкерлерін тел. 101 немесе ұялы 112 арқылы шақыру қажет
  2. Сақтандыру компаниясын 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, байланыс жасайтын адамның деректерін (тел., эл. пошта) көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар ету
  3. Өрт қадағалау органдарынан өрттің себебі және осы оқиға бойынша қабылданған шешім көрсетілген анықтама мен қаулы алу
  4. Сақтандыру компаниясына көлік құралын сақтандыру шартына сәйкес құжаттарды ұсыну (ұсыну мерзімі 3 жылға дейін шектелген).