Салем сақтандыру компаниясы
ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛДЫ!01.07.2014 жылдан бастап «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 7435-1910-01-АО анықтама негізінде ресми түрде «Салем» сақтандыру компаниясы» АҚ болып қайта аталды.
«Салем» сақтандыру компаниясы — кең өңірлік желісі бар Қазақстандағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі: қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша компанияның 36 бөлімшесі табысты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда компанияның клиенттері — 2 180 000-нан астам жеке тұлға және 17 000-нан астам заңды тұлға.
Халыққа сапалы әрі жалпыға қолжетімді сақтандыру өнімдерін ұсына отырып, «Салем» СК қоғамның сақтандыру мәдениетін және ҚР азаматтарының жауапкершілігін байытып, дамытады.
«Салем» сақтандыру компаниясы» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің толық құқылы мүшесі болып табылады.
Компанияның «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына 2014 жылғы 17 шілдедегі №2.1.40 лицензиясы бар.
Компанияның қаржылық тұрақтылығы үнемі өсіп келе жатқан меншікті капиталмен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын қатаң сақтаумен, сондай-ақ ішкі және шетелдік қайта сақтандыру нарықтарындағы тиімді қайта сақтандыру жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Компанияның стратегиясы тұтынушының күтуін қанағаттандыратын немесе тіпті одан асып түсетін қызметтерді жасауға негізделген. Клиентке білікті қызмет көрсетуге, шығындарды уақтылы реттеуге кепілдік беру, сақтандыру төлемдерін толық көлемде әрі барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру, клиенттің жеке сұраныстарына мұқият қарау — «Салем» СК» АҚ жұмысының басты құрамдас бөліктері.
Компания 2009 жылға дейін негізінен заңды тұлғалармен жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Қазақстанның барлық ірі өңірлерінде филиалдар мен өкілдіктер ашып, бөлшек бизнесті де белсенді дамыта бастады. Компанияның клиенттік портфелі энергетика саласында қызмет атқаратын, сондай-ақ Қазақстанның автожол саласын дамытуға қатысатын ірі отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар есебінен қалыптасқан. Олардың қатарында «ТНГ-ОралГео», Азот зауыты, ЗапКазКриоПром, SINOOIL, «Петрочайна Интернэшнл Казахстан» ЖШС, «Prosystems Petroleum Ltd» ЖШС, «Туран Экспресс» АҚ, «Kazakh Development International» ЖШС, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «Жаикмунай» ЖШС, «AES Өскемен ЖЭО» АҚ, «АРМАН-МУНАЙ» ЖШС, сондай-ақ ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мердігерлерінің көпшілігі және басқа да көптеген компаниялар бар.
2006 жылы «Салем» сақтандыру компаниясы» АҚ тәуекелдердің 70%-дан астамын қайта сақтандыруды жүзеге асырды, ал 2007 жылы Қазақстанның тұңғыш байланыс және хабар тарату спутнигі «KAZSAT»-ты орбитада пайдаланумен байланысты тәуекелдердің 100%-ын, сондай-ақ жердегі ғарыш инфрақұрылымының тәуекелдерін және ғарыш объектілерін пайдалану кезіндегі жауапкершілікті тікелей сақтандыруды жүзеге асырды.
Корпоративтік сақтандыру нарығында бізді беделі жақсы және мүмкіндіктері мол сенімді сақтандыру компаниясы ретінде біледі .
Біз клиенттеріміздің мүдделерін барынша жақсы қорғау үшін барлық шараларды қолданамыз: ол үшін тәуекелдерді жетекші халықаралық және жергілікті қайта сақтандыру
компанияларына береміз.
Халықаралық және жергілікті қайта сақтандыру нарықтарымен орнатылған байланыстар Сізге сақтандырудың өте төмен құны мен сақтандыру өтемінің мінсіз сапасының бірегей үйлесімін ұсынуға мүмкіндік береді.
Компанияның ҚР бойынша дамыған филиалдар желісі бар, ол клиенттер үшін барынша қолжетімді, мобильді болуға, тәуекелдерді жедел бағалап, басқаруға және сақтандыру төлемдерін уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді.
«Салем» сақтандыру компаниясы» АҚ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушысы болып табылады.
Біздің компания Сізге мыналарды қамтамасыз етуге дайын:
- · кешенді шешімдер;
- · сервис — жеке көзқарас;
- · халықаралық қайта сақтандырушылар арқылы қабылданған тәуекелдерді әртараптандырудың дұрыс жүйесі;
- · Қазақстан бойынша өңірлік кеңселеріміздің дамыған желісі;
- · жоғары сапалы сақтандыру өнімдері;
- · сақтандыру саласындағы Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңестер;
- · сақтандыру талаптарын келісу және сақтандыру шартын жасасу кезіндегі жеделдік;
- · бәсекеге қабілетті тарифтер;