Мүлікті сақтандыру полисімен нені қорғай аласыз
Жылжымайтын мүлік
- Тұрғын жылжымайтын мүлік (пәтер, үй, коттедж, қосалқы құрылыстарды қоса алғанда)
- Коммерциялық жылжымайтын мүлік (кеңсе ғимараты мен үй-жайы, өндірістік үй-жай, қойма, сауда ғимараты мен үй-жайы және т.б.)
- Үй-жайлардың ішкі әрлеуі (қабырғалар, терезелер, есіктер) және үй-жайлардың жабдықтары
Жылжымалы мүлік
- Жиһаз; аудио-, бейне-, тұрмыстық техника және т.б.
- Компьютерлік және кеңсе техникасы
- Өндірістік және технологиялық жабдықтар
- Сауда және мейрамхана жабдықтары
- Қоймадағы шикізат пен тауар
- Тұрақты күйдегі көлік құралдары
Қосымша:
- Үй-жайларды пайдалану кезіндегі үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Мысалы, көршілер алдындағы жауапкершілікті сақтандыру.
Мүлікті сақтандыру полисі қандай қатерлерден қорғайды
Су басу. Су құбырлары, кәріз құбырлары мен жылу құбырлары көбіне ең қолайсыз сәтте істен шығуы мүмкін. Сондықтан су басу – кез келген адамның басына түсуі мүмкін жиі кездесетін жағдай. Оның үстіне сіздің құбырларыңыз бүтін болып, ал көршілеріңіздікі берік болмай шықса да, су астында қалуыңыз мүмкін. Сақтандыру төлемін алу үшін сақтандыру жағдайын тіркеу мақсатында апаттық комиссарды шақыру қажет.
Өрт. Негізгі тәуекелдер тобына жатады. От өте тез таралады, сондықтан жолында кездескеннің бәріне елеулі залал келтіреді. Біз тұрғын үйді және басқа да мүлікті әртүрлі себептермен туындаған өрттен сақтандыру мүмкіндігін ұсынамыз. Сақтандыру төлемін алу үшін сақтандыру жағдайын тіркеу мақсатында кез келген нәтижеде өрт сөндірушілер мен апаттық комиссарды шақыруыңыз қажет.
Газдың жарылуы. Мұндай жағдай, әдетте, үлкен қиратушы салдарға әкеледі. Ол адамдар ағзасының улануына ықпал ететін зиянды заттардың таралуымен де қауіпті. Газ жарылған кезде акт жасау және жарылыстың себебін анықтау үшін өрт сөндірушілерге ғана емес, газ ұйымдарының өкілдеріне де көмек сұрап жүгіну қажет.
Жер сілкінісі. Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аудандары үшін өзекті тәуекел, мемлекеттік гидрометеорологиялық қызмет тіркейді.
Басқа да дүлей зілзалалар. Дауыл, бұршақ, су тасқыны. Статистика дәлелдегендей, бұл құбылыстар адамдардың мүлкіне жиірек залал келтіре бастады. «Дүлей зілзала» сияқты жағдайды мемлекеттік гидрометеорологиялық қызмет тіркейді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясымен байланысу аса қажет.
Найзағай түсуі. Мұндай жағдайға көбінесе найзағайқағармен жабдықталмаған қала сыртындағы үйлер немесе саяжайлар ұшырайды. Егер сізді осындай пәле басса, сақтандыру компаниясына қоңырау шалсаңыз жеткілікті.
Заттардың құлауы.Сирек, бірақ бәрібір болып тұратын жағдайлардың бірі. Ұшақтар мен тікұшақтардың құлауы елеулі шығындар мен залалға әкеледі. Егер сіздің жағдайыңыз дәл осындай болса, хаттама жасау үшін құлаған жерге полицияны шақыру керек.
Қылмыстар. Сақтандыру қаскөйлердің сіздің тұрғын үйіңіз бен мүлкіңізді зақымдауының барлық ықтимал нұсқаларына қолданылады. Ең жиі кездесетін жағдайлардың бірі ретінде бұзып кіріп ұрлау, тонау, қарақшылық және бұзақылық сипатталған тізімге кіреді. Сақтандыру шарттарын орындау үшін полицияға жүгіну керек.
Сақтандыру сомасы қалай анықталады
Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы әдетте оның нарықтық құны болып табылады. Кейбір жағдайларда тәуелсіз бағалау компаниясы бағалау жүргізуі мүмкін.
Сақтандыру төлемі қалай есептеледі
Сақтандыру төлемі сақтандыру сомасы шегінде мүлікке келтірілген нақты залал мөлшерінде, сақтандыру полисінде көрсетілген франшизаны шегере отырып есептеледі және жүзеге асырылады.
Сақтандыру полисі қанша тұрады
Мүлікті сақтандырудың құны сақтандыруға арналған өтінішті толтыру кезінде көрсетілетін көптеген факторларға байланысты. Кейбір жағдайларда тексеріп-қарау қажет. Егер сіз мүлкіңіздің құнын нақты анықтай алатыныңызға сенімді болмасаңыз, бағалауға тәуелсіз бағалау компаниясы тартылуы мүмкін. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру компаниясы сізбен келісім бойынша франшиза белгілейді – яғни өтеуі үшін тікелей өзіңіз жауап беретін залалдың мөлшерін анықтайды. Франшиза сақтандыру сомасына пайызбен де, абсолюттік мөлшерде де белгіленеді. Қалай болғанда да, сақтандыру шартында франшизаның болуы сіз төлеуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін төмендетеді, сондай-ақ ұсақ шығындар туындаған кезде рәсімдерді жеңілдетеді.