STANDARD
Акционерлік қоғам Сақтандыру компаниясы «STANDARD» (бұрынғы атауы — "Астана-Финанс" СК АҚ) — Қазақстанның сақтандыру нарығындағы жас, қарқынды дамып келе жатқан компания. Әлемдік жұмыс тәжірибесін пайдаланып, кәсіби деңгейімізді үнемі арттыра отырып, біз жаңа перспективалы нарық құрып, клиенттердің Қазақстанның бүкіл сақтандыру нарығына деген сенімін арттырамыз.

Миссиясы:

Компания мамандарының кәсібилігіне, заңнаманы қатаң сақтауға, ең жоғары этикалық және моральдық қағидаттарға сүйене отырып, корпоративтік және бөлшек клиенттерге жоғары сапалы сақтандыру қызметтерін ұсыну.

Стратегиялық мақсаты:

Үлестес тұлғаларға қызмет көрсетуге тәуелсіз, корпоративтік сақтандыру нарығында да, шағын және орта бизнес пен жеке тұлғалар нарығында да тиісті орындарды иелене отырып, Қазақстанның сақтандыру нарығының көшбасшылары қатарына кіру.

Бәсекелестік артықшылықтары:
  • Заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың да қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген сақтандыру өнімдерінің алуан түрлілігі;
  • Клиентке жеке көзқарас;
  • Қаржылық тұрақтылық нормативтерін қатаң сақтау;
  • Қайта сақтандыру жөніндегі серіктестердің сенімділігі;
  • Компания кеңселерінің Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында географиялық қолжетімділігі;
  • Сақтандыру төлемдерінің тарихында сот шешімдерімен байланысты прецеденттер жоқ.