Казкоммерц-Life сақтандыру компаниясы
КОМПАНИЯМЕН БІРІКТІ: «Халык-Life»!
«Казкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2006 жылғы қыркүйекте елдің жетекші банктерінің бірі — бүгінге дейін елдің жүйе құраушы банкі болып табылатын және Компания акцияларының 100%-ына иелік ететін «Казкоммерцбанктің» еншілес ұйымы ретінде құрылды.
2006 жылғы 28 желтоқсанда Компания сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензия алды. 2007 жылғы наурызда Компания әлемге әйгілі қайта сақтандыру қоғамы — Мюнхен қайта сақтандыру қоғамы MunichRe-мен тәуекелдерді қайта сақтандыру шартын жасасты. Ал 2011 жылғы 6 қаңтарда Компания №2.2.42 жаңартылған лицензия алды.
Қызметі барысында Компания Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін өмірді сақтандыру компанияларының көшбасшы үштігінде берік орнықты. Бұған Қазақстанның 15 ірі қаласында өңірлік бөлімшелердің ашылуы және олардың тұрғындарының сенімін жаулап алу арқасында қол жеткізілді.
Бүгінде «Казкоммерц-Life» АҚ әр Клиент үшін жеке әзірленетін сақтандыру шарттары бар өмірді сақтандыру бағдарламаларының кең кешенін ұсынады. Бұл бағдарламалар нақты оқиғалар басталған жағдайға өмірді сақтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Компания Клиенті сақтандыру қорғауына қосымша белгілі бір мақсаттарға қажетті мерзімге дейін жинақ та жинай алады.
«Казкоммерц-Life» АҚ Қазақстан Қаржыгерлерінің Қауымдастығының мүшесі болып табылады, сондай-ақ ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес келетін және ең ірі сертификаттау органы BSI (British Standard Institute) растаған сертификатталған Сапа Менеджменті Жүйесі бар.
Қазақстанның 16 өңіріндегі бөлімшелердің өңірлік желісінің дамуымен және жинақталған тәжірибенің арқасында «Казкоммерц-Life» АҚ қазақстандықтардың мүмкіндігінше көп бөлігіне өмірді сақтандыру бойынша сенімді қызметтер көрсетуге дайын.
Бүкіл қызметі бойы «Казкоммерц-Life» АҚ өз қызметін үнемі жетілдіруге бағдарланған серпінді дамып келе жатқан Компания атағын мақтанышпен алып жүр. Өмірді сақтандыру нарығы сияқты бәсекелестігі жоғары нарықта статикалық және консервативтік ұстаным әлсіз компанияларға өркендеуге мүмкіндік қалдырмайтынын біз түсінеміз. Сондықтан Компанияда барлық бизнес-процестерді барынша оңтайландыру және оларды бәсекелестік күрестің және елдегі экономикалық ахуалдың өзгермелі жағдайларына сәйкестендіру мақсатында құрылымдық қайта құрудың жаңа кезеңі жүріп жатыр.
Бүгінде Компанияны өмірді сақтандыру саласында да, сабақтас салаларда да бірегей кәсіби тәжірибесі мен терең білімі бар адамдар басқарады.
Құрылған сәтінен бастап «Казкоммерц-Life» АҚ бүгінге дейін Компанияны бәсекелестерден тиімді ерекшелендіретін және Клиенттердің барған сайын көбірек санының сенімін жаулап алуға көмектесетін нақты қағидаттарды басшылыққа алды:
- Транспаренттілік және ашықтық;
- Әр Клиентке жеке көзқарас;
- Өз міндеттемелеріне байыпты қарау;
- Жұмысты ұйымдастырудың заманауи қағидаттарын пайдалану;
- Инновациялық өнімдер мен басқару әдістемелерін енгізу;
- Өз қызметін үнемі жетілдіру және ең жоғары сапалы сервис ұсыну.
«Казкоммерц-Life» АҚ қызметінің ең жақсы бағасы бұрынғыдай саны күн сайын өсіп келе жатқан Клиенттеріміздің сенімі болып табылады!
Ресми деректерге сәйкес «Казкоммерц-Life» АҚ-ның 01.04.2011 ж. жағдай бойынша жарғылық капиталы 1 590 миллион теңгені құрайды, толығымен ақшалай қаражатпен төленген, ҚР ҚҚА белгілеген нормативтерге сәйкес келеді. 01.04.2011 ж. жағдай бойынша Компания активтерінің мөлшері 4 583,7 млн теңгені, Компания көрсетілген күнге қалыптастырған сақтандыру резервтерінің мөлшері – 3 316,6 млн теңгені, Компанияның меншікті капиталы – 1 160 млн теңгені құрады.