Казкоммерц полис

КОМПАНИЯМЕН БІРІКТІ: "Halyk" (Казахинстрах)

Компания сенімділігі мен тұрақтылығының маңызды факторлары және оның серпінді дамуының кепілі — біздің акционерлеріміз «Казкоммерцбанк» АҚ.
Бес жыл бойы компаниямыздың прогрессивті дамуына зор үлес қосып, компания жұмысына андеррайтинг, сақтандырудағы қаржылық көрсеткіштерді талдау, маркетингтік талдау және жалпы корпоративтік менеджмент жүргізудің еуропалық стандарттарын енгізген Еуропа қайта құру және даму банкіне алғысымыз шексіз.

  • заңды және жеке тұлғалар қызметінің барлық салаларын сақтандырумен қорғау;
  • жоғары білікті қызметкерлер штаты;
  • сақтандырудың 22 сыныбына лицензия;
  • тәуекелдер мен залалды сараптау мен бағалаудың жолға қойылған жүйесі;
  • сақтандыру қызметтерінің теңгерімді портфелі;
  • заманауи басқару әдістері;
  • жасалатын сақтандыру мәмілелерінің сенімділігі мен тиімділігі;
  • өзіне алған міндеттемелерді мүлтіксіз орындау;
  • ең жаңа ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу;
  • іскерлік этика мен құпиялылықты сақтау;
  • сенімді әрі тұрақты көшбасшының беделі мен имиджіне сәйкестік.

Атауы

«Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы
(«Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы)

Тіркелген күні

1996 жылғы 26 желтоқсан

Акционерлер

Компания сенімділігі мен тұрақтылығының маңызды факторлары және оның серпінді дамуының кепілі — біздің акционерлеріміз «Казкоммерцбанк» АҚ.

Бес жыл бойы компаниямыздың прогрессивті дамуына зор үлес қосып, компания жұмысына андеррайтинг, сақтандырудағы қаржылық көрсеткіштерді талдау, маркетингтік талдау және жалпы корпоративтік менеджмент жүргізудің еуропалық стандарттарын енгізген Еуропа қайта құру және даму банкіне алғысымыз шексіз.

Біздің қызметкерлер

Сақтандырудың түрлі аспектілерінде практикалық жұмыс тәжірибесі бар, Лондонда, Мюнхенде, Венада және Мәскеуде оқудан, Lloyd’s, Munich Re, Heath Group, Willis, Windsor, Oakeshott және басқа синдикаттарда тағылымдамадан өткен мамандардың кәсібилігі компаниямыздың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Қызметкерлер мен басқару командасының ұтқырлығы, құзыреттілігі және ұйымшылдығы компанияға елдің сақтандыру нарығында қарқынды ілгерілеуге мүмкіндік береді.

Біздің марапаттарымыз:

Компанияның алған марапаттары оның жұмысының тиімділігін, қазақстандық және халықаралық нарықтардағы беделін мойындаудың айғағы болып табылады.

  • ТМД және Еуропа елдерінің сақтандыру нарығында ең серпінді дамып келе жатқан компанияға берілетін «EUROMarket 2002» жүлдесі;

  • Францияның Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының (ӨЖҚ) алтын медалі;

  • 2004 жылғы ақпараттық тұрғыдан ең ашық компания жүлдесі;

  • «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі;

  • Қазақстан балаларының шығармашылығына арналған «Балалар әлемді салады» альбомдық сериясын қолдағаны үшін диплом.